Жастар ұйымдарын қаржыландыруды қолға алдық

0 79

Талғат РАХМАНБЕРДІ, Астана қаласының Жастар­ саясаты­ мәселелер басқармасының бастығы

– Талғат Абайұлы, Астанада жұ­­­м­­­ыс­­­сыз­ жүрген жастар неге кө­­бей­іп­ кетті?

– Астана цйц ресми түр­де­ 1100­ азамат жұмыссыздар қа­та­ры­­на­ тіркелген. Әрине, тір­кел­ме­­ген­дер­дің­ саны бұдан да көп болуы мүм­кін.­ Біз­дің жаңадан ашылған бас­қар­ма­ның мақсаты да сол – осындай маңызды мә­се­­­ле­­лер­ді­ барынша шешу. Ол үшін,­ алдымен, мектеп бітіруші жас­ жеткіншектердің арасында ке­ңінен түсіндіру жұмыстарын жүр­гізу керек. Болашақ ма­ман­ды­ғын­ әрбір оқушы 9-10-сынып­та оқып жүргенде анықтағаны абзал.­ Біз­де­гі­ статистикалық мә­лім­ет­тер­­­ге­ жүгінетін болсақ, мә­се­лен,­ тү­­л­ек­­тер­дің басым бөлігі гу­ма­ни­­тар­лық­ мамандықты таң­дай­ды.­ Жұмыссыздар қатарында эко­но­мист­, заңгер, қаржыгерлер өте ­көп. Бізге керегі – сұранысқа сай ма­­­ман­­дар­ды­ оқыту.

– Қаламызда қандай мамандар тап­шы?

– Астана қаласының еңбек на­ры­ғын­да энергетиктер, инженерлер, құ­ры­лысшылар, архитекторлар, мұ­ға­лімдер, жүргізушілер тапшы. Қазіргі күннің өзінде, егер қа­т­ел­ес­песем, жүзге жуық автобус жүр­­гі­зу­шісі қажет. Бас қалада қо­ғ­ам­дық жо­лау­шы­лар көлігінің қызмет аясы ке­ң­ей­ген­діктен, автобус айдайтын жүр­гі­зушілер жетіспейді. Жалпы,­ қоғамдық көлік жүргізушісі – аса жау­ап­кершілікті қажет ететін ма­ман­дық. Сондықтан, менің ойымша,­ мұн­дай кәсіпке бі­лікті жастарды тарту керек. Жал­пы,­ бұл мәселе Елбасы тап­сыр­­ма­­сына сәйкес «Жұмыспен қам­ту­-2020», «Жас­тар тәжірибесі» бағ­дар­ла­­­­ма­­­сы­ бой­ынша қолға алынды. Мә­­се­­лен,­ гу­манитарлық бағыттағы ма­­ман­­дар­­ды бюджет есебінен тә­­­ж­­і­­р­и­­белік курстарға жіберіп, бі­­лі­к­­­ті­­­лі­гін арттырамыз. Оларды сұ­­­р­­­­а­­­н­ыс­­­та­­­ғы­­­ қажет мамандықтарға қа­рай бейімдейміз.

– Елордалық жастар ұй­ым­да­ры­­ туралы айтсаңыз. Бас қа­­­ла­ның­ өзінде елуден астам жас­­тар­ ұй­ы­мы­ тіркелген екен.­ ­Бел­­сен­­ді­лі­­гі­­ жоқ, аты­ бар, заты белгісіз мұн­­дай­­ ұй­ым­­­дар­дың қа­жет­тілігі бар­­ ма?

– Бұл ұйымдардың барлығы бел­сенді түрде жұмыс істейді деп­ айта алмаймын. Біріншіден, жас-тар ұйымдарын қолдаудың те­ті­гі аз. Олардың қызметін же­тіл­ді­ру үшін бәрі қаражатқа келіп тіреледі. Мәселен, біздің бас­қар­ма­ның құ­рыл­ға­нына аз уақыт болса да, бізге небір идея беріп, бастама көтеріп келетін жастар ұй­­ым­­да­ры­ көп. Алайда, бәрі жүйелі қаражат мәселесіне байланысты. Біз қолымыздан келгенше, би­ыл­­дан бастап сол жобалардың іші­нен маңыздысын реттеп, жас­тар­ ұйымдарын қолдауға тыры­самыз. Елу ұйымның бәрін біле бермейміз. Ресми тіркеліп жұмыс істейтіндері де бар, жұмыс істемейтіндері де бар. Оның түрлі себептері болуы мүмкін. Соған қарамастан біз жас­тар ұйымдарын қар­жы­лан­дыру мә­­се­лесін қолға алдық. Алдағы екі­ ай ішінде тиімді ше­шіл­се, Ас­та­на­ға нағыз керекті жо­б­а­лар­ды таң­дай­тын­ боламыз.

– Соңғы уақытта түкке тұр­ғы­сыз­­­ акция, флеш-моб дегендер кө­­бейіп кетті. Мәселен, «Астана­ – те­мекісіз қала» акциясын алай­­ық.­ Плакат алып, көше бойында ұран­датқаннан ұтарымыз бар ма?

– Негізінде, акцияны ұйым­дас­тырған жақсы. Бірақ, соны қалай өткізу керектігі маңызды. Мәселен, өзіңіз айтқан «Астана – темекісіз қала» акциясын алайық. Құр пла­кат­ ұстап алып, айқайлағанша, «Те­ме­­кі­ құрамында үш мыңнан ас­там­ улы зат­ бар» немесе «Дүние жү­зін­де­ әрбір 20 секунд сайын те­ме­кі­нің­ салдарынан бір адам қай­тыс бо­ла­ды»­­ деп дәрігер айтса, ол әсерлі бо­луы мүмкін. Егер сондай­ жау­ап­ты­­ мамандарды тартып, тү­сін­ді­ре­тін­­ болса, онда қолдауға болады.­ Жас­тарды құр алаңға жинап­, ән шыр­қату қажет емес, оның уақыты өтті. Біздің басқарма нағыз керекті жұ­мыс­тармен айналысатын мекеме бо­луды діттейді.

– Жалпы, Астанада жастардың үлесі қанша?

– Бүгінгі таңда Астанада 14 пен 29 жас аралығындағы 230 мың­­ға­­ жуық жастар бар. Ол тұр­ғын­дар­дың­ отыз пайызын құ­райды.

– Өзіңіз білесіз, биыл қа­был­дан­­­­ған­­­ «Қолжетімді баспана­ – 20­20» бағдарламасына жас­ отба­сы­ сана­ты­­ бойынша­ ірік­теу­ді Жас­тар­ сая­са­ты­ мәселелері жө­­­н­ін­­дегі бас­қар­ма­ға беру ту­ра­лы­­ ұсыныс ай­ты­лып еді. Ол жө­нін­­де не айта­сыз?­

– Бұл мәселе қазір Үкімет дең­гей­інде шешіліп жатыр. Жақында «Жастар саясатын дамыту кон­цеп­­ция­сы-2020» бағ­дар­ла­ма­сы қа­был­данады. Сол кон­цеп­ция­ның­ бір бөлігінде осы мәселе жеке қа­р­ас­ты­рылған. Наурыз айына дей­ін­ қабылданса, жастардың көп­теген мәселесі осы арқылы ше­ші­мін­ табатын болады. Тұрғын үй мәселесі – өзекті тақырып. Мемле­кет жас­тар­ға барынша қолдау көрсетіп, кө­мек­тесіп келеді. Бірақ, бәрін бірден ше­шіп­ тастау әзірге мүмкін емес.

– Жастар кәсіпкерлігіне ар­нал­ған­ жобалар бар ма?

– Биылдан бастап жас кә­сіп­кер­лер­ді оқытуды қолға алмақшымыз. «Өз кәсібіңді қалай бастау керек,­ кім­ге жолыққан жөн, қандай банк­­тер­ кредит береді» дегендей, яғ­ни,­ кәсіпкерлікпен айналысқысы ке­летіндерді оқытып, үйретеміз. Бизнесті қолдаудың басқа да те­тік­те­рін ынталандыру бойынша алға қой­ған жобаларымыз жоқ емес.

– Астаналық жастардың қо­ғам­дық­ белсенділігіне қандай баға бе­ре­сіз?

– Астаналық жастар, оқуды ал­дың­­­ғы орынға қояды. Әрине, дұ­рыс.­ Бі­рақ,­ соған қарамастан, олар­дың­ елордада болып жатқан ай­ту­­лы шараларға қатысқаны жөн. Осы­ ретте елордалық жастарға сәл­ бел­сен­ділік жетіспейтінін жасыр­май­мын.­ Сондықтан, осы газет ар­қы­лы ­жастарды белсенділікке ша­қ­ыр­ғым келеді.

– Алға қойған қандай жос­пар­ла­р­ыңыз бар?

– Қалада түйткілді мәселелер көп.­­ Жастар жұмыссыздығы, жас­өс­­пі­р­ім­­­дер­ арасындағы құқық бұ­з­у­шы­лық­,­ тұрғын үй мәселесі, сту­дент­тер­­ді­ жол жүру билетімен қам­та­ма­­сыз­ ету, жастардың ажырасуы се­­кіл­­ді көптеген проблемаларды өз дең­­гей­­і­­мі­з­де шешу үшін алға қойған жос­­парлар жетеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 17 =