ЖАСТАР ТІЛДІ ЖЫРЛАЙДЫ

0 139

ZAH_9333

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Тілдерді дамыту басқармасы, «Руханият» орталығы және Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы бірлесіп, 12 қыркүйек күні «Думан» қонақүйі кешенінің конференция залында Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі аясында Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдығына арналған «Өнер алды – қызыл тіл» атты жас ақындар мүшәйрасын өткізді. Мүшәйраға белгілі қаламгерлер мен жастар қатысты.

Мүшәйраға жүзден аса жас талапкер өтініш білдірген. Ал, бұл сайыста төрелік етушілердің ұйғарымымен тартымды тармағы, шұрайлы шумағы бар таңдаулы 10 ақын патриоттық және еркін тақырыптағы туындыларын оқыды.

Жыр додасына Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Қойшығара Салғара, филология ғылымының докторы, профессор Сағымбай Жұмағұлов, «Астана» радиосының редакторы Ербол Алшынбай қазылық етті. Қазылар мен ұйым­дас­тырушылардың пікірінше, жылдан жылға жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі мүшәйраны келер жылдан бастап кең ауқымда өткізу көзделіп отыр.

Мүшәйраның қорытындысы бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы арнаулы жүлдені Ұлан Несіпбек, Мағжан Жұмабаев атындағы жүлдені Айжан Тәбәрак иемденсе, бірінші орын Ажар Ерболғанға, екінші орын павлодарлық Ақбөпе Маратқа, үшінші орын Айдана Болатқа берілді. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дип­ломдармен марапатталды.

Қуат Қиықбай

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − four =