ЖАСТАР САЯСАТЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ

0 160

Жастар саясатында Елбасының тапсырмасы бойынша дамудың жаңа бағыты қабылданды. Басқарудың жаңа моделі айқындалды. Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті және аймақтардағы жастар саясаты басқармасы құрылды. Жастар ұйымдарымен жұмыс жүргізетін Үйлестіру кеңесі және «Жастар» ғылыми орталығының жұмысы жандануда. Өскелең ұрпақ арасындағы проблемаларды талдау және оларды шешу жолдарын көрсетуде бұл құрылымдардың орны ерекше екенін айта кету керек. Бұл салада бірқатар мәселелер бар.

Жастар менталитетіне теріс пиғылды топтардың әсері, ғаламтордың кері ықпалын тигізіп отырғаны рас. Идеологиясыздану, саяси өмірден бойын аулақ ұстау, діни және экстремистік ағымдарға бой ұру, әлеуметтік жағдайларға қанағаттанбау және т.б. көзқарастарға бой алдырған жастары­мыз­дың болашағы да бұлыңғыр екені рас. Бұл проблемалардың бәрін шешуіміз қажет. Осы мақсатта барлық білім беру ұйымдарында оқу процесінің тәрбие компонентін күшейту бойынша типтік кешенді жоспар қабылданды. «Студенттік баспана» бағдарламасы іске аса бастады. «Қазақстанның жастар парламенті» ал, он алты аймақта жас-тар мәслихаты жұмыс істейді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» атты жаңа ұйымдар құрылды. Бұлардың басты қызметі патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Елімізде бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Олар: «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға», «Жастардың кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар Отанға!» Аталған бастамалар қоғамда оң серпіліс тудырып, жастар арасында кең қолдау тапты. Жастар саясатындағы жобаларды қаржыландыру он еседен астам өскенін айта кету керек.

Жаңа Мемлекеттік жастар саясаты тұжырым­да­масының жобасы дайындалды. Оның маңызды аспектілерінің бірі – оқушылармен қатар жұмысшы, ауылдық жастарды қолдау болып отыр.

Жастар ұжымдарының атқаратын істері де міндеті де салмақтады. Соңғы он жылда олардың саны жеті есеге өскені белсенді жастардың қатары көбейгенін айтады.

Қазіргі заман жастары еркін ойлап, ұтқыр іс-қимылымен, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жылдам бейімделіп, заман тынысымен тең қарыштап, үнемі ізденіс пен талпынысымен ерекшеленеді.

Мемлекеттік жастар саясатын модернизациялау жастарға қабілеті мен талантын қырлауға кең мүмкіндіктер береді. Қазақтың жас толқынының деңгейін әлемдік биік стандарттарға жеткізуге жол ашады.

Шыңғысбек СҰЛТАНБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің басқарма басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =