ЖАСТАР ҚОЛДАУСЫЗ ЕМЕС

0 309

Статистикалық деректерге сәйкес бүгінде Астанада 14 пен 29 жас аралығындағы 220 мың адам тұрады. Қала халқының 22 пайызын құрайтын жастардың бастамаларына биыл 200 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ербол Рыспаев мәлімдеді.

zhastar-zhalyn

Оның айтуынша, басқарманың ұйымдастыруымен елордада жыл басынан бері 25-тен аса жоба, ұлттық және отбасылық дәстүрлерді насихаттауға, жұмыспен қамту және кәсіби бағдарлауға, салауатты өмір салтына баулып, еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған 100-ге жуық іс-шара өткізілді. 2017 жылға дейін тағы 10 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
– Жасөспірімдердің шығармашылығын жетілдіріп, бос уақытын тиімді үйлестіру үшін қазіргі кезде Астанада 13 аула клубы жұмыс істейді. «Еріктілер мектебіне» қатысушылар да аз емес. «Астана жастары» ресурстық орталығында бүгінде 1326 волонтер тіркелген. Олардың 50 пайызы ағылшын тілін біледі. Еріктілер тобы ЭКСПО-2017 аумағында ғана емес, қаламыздағы барлық қоғамдық, мәдени шараларға атсалысады, – дейді Ербол Рыспаев.
Ал «Астана жастары» КММ бас­шысының орынбасары Жазира Едігенованың сөзінше, жастар айына бір рет кәсіби бағдарлауға қатысты апталық тренингтен өтеді. Алдағы жылы орталық тренингтердің ұзақтығын үш аптаға дейін арттыруды көздеп отыр.
Сонымен бірге, жиында жастарды жұмыспен қамту мәселесі сөз болды. Астаналық жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші бүгінде 5,6 пайызға тең. Техниктер, лифт жөндеушілер, тігінші, электромонтер, сантехник, мейірбике, краншы, мұғалім секілді мамандықтар жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 14 =