ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАДАҒАЛАУҒА ТАРТЫЛАДЫ

0 150

Рисунок1

Астана қаласының әкімдігі жыл сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмысты ашуға белсене қатысқан азаматтарды марапаттау үшін 13 млн теңге көлемінде қаражат бөліп келеді.

Қала әкімдігінің қолдауымен Ішкі істер департаменті 2014 жылдың 1 тоқсанында қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқаны үшін 216 қоғамдық көмекшінінің әрқайсысына 15000 теңгеден, жалпы 3240000 теңге сыйақымен марапаттады.

Сондай-ақ, департамент Астана қаласы Жастар мәселесі жөніндегі басқармамен бірлесе отырып, студент жастарды қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жұмысына тарту мақсатында қаланың жоғары және орта оқу басшылығымен және студенттерімен кездесу өткізуді.

Басқосуда құқықтық тәртіпті сақтайтын студенттік жасақ мүшелерінің арнаулы киімі ұсынылып, көзге түскен жедел-жастар жасақ мүшелері грамоталармен, сыйлықтарымен марапатталды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 4 =