Жастар орталықтары ашылады

0 35

Елорданың тағы үш ауданында жыл соңына дейін жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылады.

image-22-09-21-12-11-5
image-22-09-21-12-11-4
image-22-09-21-12-11-3
image-22-09-21-12-11-2
image-22-09-21-12-11-1
image-22-09-21-12-11
previous arrow
next arrow

Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы жастарға қызмет көрсету орталығы Сарыарқа ауданында осы жылдың маусым айында іске қосылды. Ашылу ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.
Жұмыс істеген үш ай ішінде орталыққа 630-ға жуық жас­ты қабылдап, оларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар және басқа да өзекті мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданындағы Жастарға қызмет көрсету орталығы онлайн және офлайн форматта бос уақытты тиімді ұйымдастыру, бастамаларын қолдау, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналас­тыру, тұрғын үй мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру және сүйемелдеу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, спортты насихаттау және 14-29 жас аралығындағы жұмысшы жастар, NEET санатындағы жастар үшін оның қолжетімділігі және т. б. бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Орталықта, мысалы, «Отбасы банк» АҚ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «iKomek109» сияқты ұйымдардың қызметтерін алуға болады.
ЖБО-ға жобаларды қолдау және бизнесті ашу бойынша көмек сұраған жастар үшін олардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебінің «TIME TO CHANGE» жобасының базасында тренингтер өткізіледі. Үш айдың ішінде 6500-ден астам тыңдаушы, оның ішінде 860 – жаңа бастаған кәсіпкер, 3600 – жұмыссыз жас, 1850 – студент, 190 халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары мен мүмкіндігі шектеулі адамдар оқудан өтті. Тренерлер – танымал қоғамдық пікір көшбасшылары.

Сондай-ақ жастардың көпшілігі жұмыс іздеуде көмек алу үшін ХБО-ға жүгінеді. Онлайн және офлайн жәрмеңкелер өткізілді. Жастарға қызмет көрсету орталығы елордалық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар практикасы» бағдарламалары бойынша жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастырды. «Отбасы банк» консультанттары «Елорда жастары» ЖРО қызметкерлерімен бірлесіп жастарға депозиттік шот ашу және «7-20-25», «Бақытты отбасы» және т.б. бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Орталыққа психологиялық және заң көмегіне жүгінгендер үшін өзекті психологиялық мәселелерді шешу, өмірлік қиындықтарды жеңу және құқықтық қолдау бойынша әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізіледі.
Алматы, Есіл және Байқоңыр аудандарында жастарға қызмет көрсету орталықтарын жыл соңына дейін ашу жоспарлануда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =