Жастар мәслихатындағы жаңалық

0 69

Астана қаласы жастар мәслихаттарына жаңадан сайланған депутаттар ресми түрде қызметтерiне кiрiстi.
«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Астана қаласы жастар мәслихаттарына жаңадан сайланғандарға депутат мәртебесiн беру салтанаты өттi. ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Оразгүл Асанғазы, Бақытбек Смағұл, Надежда Петухова, Бақытжан Ертаев жас депутаттарды құттықтап, оларға куәлiктерi мен төсбелгiлерiн салтанатты түрде табыс еттi. Айта кетейiк, Астана қаласында жастар мәслихаты 2007 жылдан бастап жұмыс iстей бастады. Мәслихаттың I шақырылымы 28 адамнан құралды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =