ЖАСТАР – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

0 542

ZAH_1991

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдау мақсатында жастар акция­сы ұйымдастырылды. Іс-шараға зиялы қауым, елорданың жас көшбасшылары, студенттер мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысты. Аталмыш акция Қазақстанның әр өңірінде өтіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясын бірігіп жүзеге асыруға және Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын қолдауға шақырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл патриоттық акция осымен тоқтамайды. Өйткені «Қазақстан-2050» Стратегиясы өз мәресіне жеткенше, жемісін бергенше атқарылатын жұмыс көп. Ең бастысы, әр қазақстандық оған барлық күш-жігерін жұмсауы қажет.

Сондай-ақ, акцияға Қазақстан халқы ассамлеясының өкілдері де қатысты. Олардың айтуынша, Мәңгілік ел дегеніміз – Қазақстандағы барлық ұлттардың бірлігі, татулығы. Ал, Елбасымыз 2050 жылға дейін белгілеген жоғары дәрежеге жету – әрбір Қазақ елі тұрғыны үшін ортақ мақсат.

Жиында мыңға жуық жас көк туымызды тік ұстап, «Мәңгілік ел! Мәңгілік тіл! Мәңгілік рух!» деп ұрандатты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − four =