ЖАСТАР – БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ

0 220

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйым­дастыруымен Ақмола облысындағы Зеренді демалыс орталығында «Жастар – болашақ энергиясы» ұраны аясында белсенді жастарға арналған жазғы лагерь жұмысын қорытындылады.

07_1

«Жазғы лагерьге жыл бойы Астанада өткен саяси-қоғамдық шараларға белсенді қатысқан 150-ге жуық жастар жиналды. Олардың арасында үздік студенттер, жұмысшылар, спортшылар, өнерпаздар және еріктілер болды. Үш күн бойы білікті маман-бапкерлерден тәлім алған жастар жаңа идеялармен, тың күшпен қаруланып қайтқаны сөзсіз.
– Бұл лагерьге шақырылған жастардың бәрі – Астана қаласында өтетін мемлекеттік және қоғамдық шараларға белсенді қатысушылар. Сондықтан оларға жақсы демалыс ұйымдастыруды жөн санадық. Мұнда олар өздерінің ұйымдастырушылық тәжірибелерін жетілдіретін болады. Тренингтер, семинарлар, түрлі танымдық ойындар өткізіледі, – деп атап өтті Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Ақұлан Тастемір.
Жазғы лагерьдің басты мақсаты – астаналық жастардың бірлесуін нығайту арқылы Ұлт жос­парының «100 нақты қадамын», «Нұр Отан» партиясының «Жастар – Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыруға, сонымен қатар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге үлес қосуға дайындау. Осы орайда лагерьде болған жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған «Ұлы даланың ұландары» атты мерекелік бағдарлама өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Оның аясында ұйымдастырылған шығармашылық байқау, спорт сайыстарында жастар өз қабілеттерін көрсетті.
Түптеп айтқанда, астаналық белсенді жастар жазғы лагерьден тәлім де, күш-қуат та жинап қайтты.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =