Жасөспірімдерге жәрдем

0 31

Жазғы демалыс кезінде елордалық 16-18 жастағы оқушылар мен студенттер жұмыс істеп, табыс таба алады. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ демалыс кезеңінде «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын ұйымдастырады.

Жұмыспен қамту орталығының Бейбітшілік көшесі, 25-үйдегі ғимаратына балалар ата-анасымен бірге келіп, құжаттар тапсыруы керек. Қалалық жасөспірімдер өздерімен бірге жеке куәлігін, каникулдардың басталу және аяқталу күнін көрсете отырып, оқу орнының оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға жазбаша келісімін ала келуі қажет. Сонымен қатар 18 жасқа толмағандардың ата-анасының біреуінің не заңды өкілдерінің жазбаша, яғни аталған жұмыс баланың денсаулығына зиянын келтірмейтіндігі туралы келісімі болуы тиіс. Жұмыспен қамту орталығында жазбаша келісімге қол қою барысында ата-анасының біреуі болуы қажет.
Орталық мамандарының берген мәліметтері бойынша жасөспірімдер, негізінен, төтенше жағдайлар мекемелерінің рейдтік түсіндіру жұмыстарына араласады. Күніне 4 сағат жұмыс істей отырып, олардың 42500 теңге жалақы алуға мүмкіндігі бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − thirteen =