Жасөспірімдердің қылмыс жасауы азайды

0 132

Құралай ҚАРИНА, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі:

– Қаладағы жасөспірімдер қылмысының көрсеткіші қандай?
– Бүгінде қалада жасөспірімдер арасындағы қылмыс 48,6 пайызға төмендеді. Атап айтсақ, өткен жылы осы уақытта 35 қылмыс жасалса, биылғы көрсеткіш 18-ді көрсетіп отыр. Дегенмен де, соңғы кезде ұялы телефон ұрлау оқиғасы көптеп тіркелді. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 82 пайызын біреудің мүлкін ұрлау фактісі құрап отыр. Осындай оқиғалардың соңы бірнеше күдікті деген жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозғауға итермелейді.

– Жасөспірімдердің қылмыс жасауына не түрткі?
– Соңғы үш айда балалар тәрбиесі бойынша міндеттерін дұрыс атқармаған 103 ата-ана мен заңды өкілеттік тұлғалар әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартылды. 394 ата-анаға кәмелетке толмаған баласын қараусыз жібергені, тәрбиелеу жұмысымен дұрыс айналыспағаны үшін әкімшілік құқықтық жазаға тартылды. Оның ішінде бесеуі ата-ана құқығынан айырылды.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбейіп кетуінің бірқатар себептері бар. Мектептегі жасөспірімдердің сабаққа бармайтын кездері кездесіп жатады, сабақтан кейін бос жүреді, түнгі уақыттарда бейберекет сандалып, спирттік ішімдіктерді пайдаланады да, соның арты төбелеске ұласады. Соңғы уақыттарда, жасөспірімдер арасында бір-бірлеріне қол жұмсау, соққыға жығу, топ-топ болып төбелесу оқиғалары азаймаған.

– Қылмысты болдырмау үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
– Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында елордада тұрақты негізде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Соңғы үш ай көлемінде осындай 3 іс-шара, 14 рейдтік профилактикалық акция өткізілді. Мұндай жиындарды Білім, Денсаулық сақтау басқармалары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктермен бірігіп атқарамыз.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − three =