«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жасөспірімдерді жүгенсіз жібермек пе?

Айтпайын-ақ деп едім

0 147

Алдағы уақытта қазақстандық оқушыларға мүшеқаптар тегін таратылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қалаусыз жүктілік пен кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстық түсіктер жасату санын азайту үшін мектеп оқушыларына мүшеқаптарды тегін таратып, 16 жастан бастап қыз балаларға ата-ананың рұқсатынсыз жасанды түсік жасатуға мүмкіндік беру қажет.
«Сонда барлық жауапкершілік тек көмек көрсеткен медициналық қызметкерге артылатын болады. Бұл мәселені шешуді жеңілдетуі мүмкін. Сондықтан бұл нормаларды Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске енгізу жоспарлануда» деді ведомство басшысы.
Әзірге аталмыш мәселе талқыланып жатқан көрінеді. Бірақ бұл – ақылға сыймайтын нәрсе.
Қазақта «қызға қырық үйден ты­йым» деген сөз бар. Егер бүгін бұл бастама жүзеге асып кетсе, жүгенсіз кеткен жасөспірім ертең ойран салып, ұрпақтың азғындауына алып келуі мүмкін ғой. Балалар мұны «рұқсат берілді» деп қабылдап, мектеп ішінде сұмдық жасамауына кім кепіл бере алады? Мәселені шешудің басқа жолы жоқ па? Мұндай «жаңашылдыққа» жол бергелі отыр­ған министрліктің не айтары бар?

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды