Жасөспірімдер жүзіп жарысуда

0 19

Нұр-Сұлтанда жүзуден ашық чемпионат басталды. Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 240-қа жуық спортшы қатысуда. «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық чемпионат 4 күнге созылады.Жарыста 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар бақ сынап жатыр. 100 метр мен 50 метрге жүзу, шалқасынан жүзу, брасс, баттерфляй, эстафета, кроль түрлерінен жүлдегерлер анықталады.
Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталады. Жеңіске жетуге келген жастардың бірі – елорда тұрғыны Мәди Әшімбаев.
– Мен 14 жастамын. Жүзумен айналысқаныма 8 жыл болды. Бала кезден айналыстым. Күніне бір рет үш сағаттан жаттығу жасаймын. Өзіме ұнайды. Жүзу денсаулыққа өте пайдалы. Мен қалалық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатыстым, 50 медалім бар, – дейді жарысқа қатысушы Мәди Әшімбаев.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған жарысты Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Mtex management ЖШС ұйымдастырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − 1 =