Жасөспірімдер жарысқа құштар

0 25

Елордада жеңіл атлетикадан өткен «Nur-Sultan Open 2021» қалалық ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған чемпионатқа Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 175 спортшы қатысты. 2004-2005 және 2006-2007 жылғы жасөспірімдер ядро лақтыру, жүгіру, эстафета, ұзындыққа секіру және жеңіл атлетикалық жүрістен сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды 13 алтын, 8 күміс, 7 қола жүлдемен қарағандылықтар жеңіп алса, 12 алтын, 11 күміс және 11 қола жүлдені еншілеген Нұр-Сұлтан қаласының мпортшылары екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Солтүстік Қазақстан атлеттері түйіндеді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және жеңіл атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы Қуандық Ескермесұлы құттықтап, дипломдар мен медальдар табыстады.
– Бұл – жаңа спорт кешенінде ұйымдастырылған алғашқы жарыс болды. Халықаралық стандартқа сай салынған спорт кешенінде сынға түскен жасөспірім спортшылар жақсы деңгейде өнер көрсетті» деп атап өтті басқарма басшысы.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 8 =