«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жасөспірімдер арасындағы жарыс

0 8

Елордада алғаш рет Халықаралық Олимпиада күніне орай 2005 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан кубогы өтті.

3bcbb9ab6a059cac6f7cd07f8947ce0d_1280x720

Жарысқа еліміздің ең мықты командалары қатысты. Қатысушылар арасында Қазақстан чемпионы Тараз қаласының құрамасы, Нұр-Сұлтан (Astana-1 және Astana-2) командасы және Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-
интернатының командасы бар.

Жарыс ережесі бойынша әр ойын 4 кезеңге бөлінді, олардың әрқайсысы 8 минутқа созылды. Барлығы 10 ойын өткізілді, нәтижесінде чемпион команда мен жүлдегерлер анықталды. Іріктеу жарыстарынан кейін екі күннен соң жартылай финалға Astana-2 командасы мен Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат құрамасы шықты. Үшінші орын үшін күрес тартысты болды, соңғы секундта интернат командасы гол соғып, алға шықты, нәтижесінде қола жүлдені жеңіп алды. Финалда Тараз және Нұр-Сұлтан қалаларының құрамалары күш сынасты, олар алдын ала турда кездескен (10:10) болатын. Бұл матч та жеңімпазды анықтаған жоқ – 4:4, кездесу тағдыры пенальти сериясында шешілді, онда Тараз құрамасы жеңіске жетті. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан командасы күміс жүлдегер атанды.

Кубок қорытындысы бойынша Грекияда (16 жасқа дейін) және Сербияда (18 жасқа дейін) өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан жастар құрама командасы жасақталады. Жарысқа қатысқан спортшылардың бәрі естелік сыйлықтармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

         Баян Асылбекова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды