ЖАСАСЫН БЕЙБІТ КҮН!

0 175

DSC_5298

Отан қорғаушылар мемориалындағы Отан-Ана монументінің алдында азаматтық-патриоттық акция өтіп, жиналғандар бейбітшілік белгісі ретінде аспанға 25 ақ көгершін ұшырды.

Осыдан 23 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен ядролық сынақ алаңына айналған Семей полигоны жабылды. Дәл сол күн, яғни – 29 тамыз 2009 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып бекітілген болатын. Қалалық «Дзюдо ардагерлері федерациясы» қоғамдық бірлестігінің, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы мен Алматы ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – халық қасіретін тоқтатқан осы екі тарихи датаны еске алып, жас ұрпақты бірлікке баулу. Мектепке дейінгі мекемелердің 5-6 жасар тәрбиеленушілері мен сол бүлдіршіндердің ата-аналары Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Камохара Масаеси, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев, белгілі мәдениет қайраткері Хасен Абаев бастаған бірқатар азаматтардың полигон зардаптары жайлы тарихи фактілерге толы әңгімелерін тыңдады.
Ашық аспан астында өткен жарқын күннің шарасы соңында ақ көгершіндер биікке ұшырылды.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =