Жасампаздық жанартауы

0 84

Елбасымыздың халқына жариялаған биылғы Жолдауы жай­ ғана бір жылдық жоспар емес, ұзақ мерзімге ар­нал­ған бағыт-бағдарымыз. Астана қаласының білім беру са­ласы қызметкерлері де осы бағдарламаны ынтамен тың­дап, ұжымдарда талқылап, қуанышты сезіммен қа­был­дап, қолдауда. 

Жеті бағыттың ішінде әлеу­мет­ саясаты мен білім беру ба­сым­дық­тарына көп көңіл бө­лінген. Әлеу­меттік салаға­ қа­тыс­ты жа­ңа қағидалар белгіленді. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен топтарға мемлекет атаулы көмегі үшін толық жауап береді. Сонымен қатар, еңбекпен қамтуды қам­тамасыз ету және еңбек тө­лемі саясатының жаңғыртылуы ха­лық­тың қуатты өмір сүруіне кепіл болады. Жолдауда қоғамдағы әй­елдер рөліне ерекше назар ау­да­рылған. Қазақстан қыздары бі­лімді қызметкер, жақсы жар, мейірімді ана болу үшін оқу орын­дарына жаңаша тәрбиелік те­тіктерін де ойластыру қажет еке­нін түсіндік.

Ал, кәсіптік білім беру сала­сын­да қызмет етіп жүрген оқы­ту­шылар мен өндірістік оқыту ше­берлері алдында көптеген жа­ңа мақсаттар мен міндеттер қой­ылған. Атап айтсақ: білім бе­ру әдістемелерін жаңғырту, ин­новациялық зерттеулерді да­мыту, техникалық мамандарды оқы­ту жүйесін өзгерту. Мысалы, біздің политехникалық кол­леджде қазіргі заманға лай­ық­ мамандар даярланып жатыр. Өйткені, техник-механик, құ­рылысшы, әрлендіруші, бағ­дар­ла­машы сияқты мамандар елі­міздің әр саласына аса қажет. Ал практикалық оқытуды қырық пай­ыздан жетпіс пайызға дейін кө­теру қажет. Осы мақсатты жү­зеге асыру үшін оқыту бағ­дар­ламаларына өзгерістер ен­гі­зіп, жұмыс берушілермен ке­­лісімшарттарға отыру жұ­мы­сын жүргізудеміз. Әлемдік дең­гейде колледждер құру – біз­ үшін жағымды жаңалық, се­бе­бі, әлемдік стандартқа сай ма­­ман­дар­ды даярлау – заман тала­бы.­ Жолдау – біз үшін жарқын бо­ла­­шақтың кепілі. Біздің ба­ла­ла­ры­­мыз, немерелеріміз тұрақты, да­мыған мемлекетте өмір сүреді де­ген ой өз дәлелін осы Жолдау­дан тапты.

Роза БРАЛИНА,
Политехникалық
колледждің оқытушысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 5 =