Жасампаздық пен даму белесі

0 64

Елбасының көшбасшылық феномені, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздық рөлін қазақстандық және шетелдік сарапшылар «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде талқылады. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы» деген тақырыппен өткен жиынды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ашты. Министр Қазақстанның 30 жылдық үдемелі даму жетістігі Елбасының көшбасшылығымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелге «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Данияр Есин, мемлекет қайраткері Төлеутай Сүлейменов, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев, Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің президенті Ефим Пивовар, Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры Марат Башимов, Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры Нигинахон Шермухамедова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедралары қауымдастығының төрайымы Наталья Калашникова және өзге де танымал сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан халқы ассамблея­сының құрылуы, астананы ауыстыру мен жаңадан салу, антиядролық және интеграция­лық бастамалардың, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы, ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі, елімізде жаңа технологиялардың дамуы – Елбасының бастамасымен іске асырылған осындай шаралар Қазақстанның үдемелі дамуының берік іргесін қалағанын атап айтты.
Басқосуда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғамдағы рөлі туралы айтылды. Сарапшылар бұл бағдарлама елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың идеологиялық негізі болып табылатынына және қазақстандықтардың рухани кемелденуіне бағытталғанына тоқталды. ҚХА кафедрасының меңгерушісі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ҚХА кафедралары қауымдастығының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Наталья Калашникова елдегі төзімділік пен сыйластық қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің негізі екендігін атап өтті.
Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың айтуынша, ­Қазақстан Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаев ұстанып отыр­ған этносаралық келісімнің зама­науи саясатының тренді Елбасы ­Нұрсұлтан Назарбаев бағытының сабақтастығына негізделген және тұрақтылық пен қоғамның бірігуін қамтамасыз етуге, сындарлы диалог негізінде этносаралық процестерді реттеуге мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − twenty =