Жасампаз өнердің «Жас қанаты»

0 161

Бүгін – бәріміз асыға күткен 22-ші Республикалық «Жас қанат»-2013 жас орындаушылар байқауының нағыз тартысты кезеңі өтетін күн. Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында жалғасын тауып жатқан бұл дүбірлі доданы жылдағы дәстүр бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Азия дауысы» дирекциясы ұйымдастырып отырғандығын ескерте кетейік.

Жалпы, Алма­ты қаласында 1992 жылдан бері өткі­зі­ліп кел­ген жас та­лант­­тарға қол­дау көрсететін мем­­­ле­­­­кет­­тік жоба 2001 жыл­дан бас­тап ел­орда төрін­де жал­ға­суда. Оның алтын, кү­мiс, қола қанаты­­ның ие­гер­лерi соң­­ғы ше­шу­ші кү­­ні анық­­та­лып, Ас­тана көгін­де та­­ғы үш өнерлі жұл­дыз жар­қы­райтын бола­ды. Қазір осы «Жас қанат» жеңім­паз­дарына керемет сый мүсінін жасап шыққан зергер де белгілі болды. Ол – Алматы қаласы Орал Таң­сықбаев атындағы Рес­пуб­ли­калық сәндік-қол­дан­балы өнер кол­леджі­нің 3-курс сту­денті Айтжан Тұрлы­ғазы деген азамат.

«Оқу үдерісі жүріп жатқан кез­­де маған «Жас қа­­нат» же­ңім­­­паз­­дарына «Қа­­нат» мүсінін жа­сау ұсы­­ны­­сы түс­­кен бола­тын.

Бұл – рес­пуб­ли­калық жас орын­­дау­шы­лардың байқауы бол­­ған­дық­тан, мен де бір ірі жо­ба­ға өз үле­сімді қосайын деп, бір­ден жұмыс­қа кірісіп кеттім. Сон­дықтан, ол мен үшін жауап­кер­ші­лікті іс болды десем, қате­лес­песпін» дейді ше­бердің өзі.

Сонымен, маусымның 3-і кү­ні бас қаламызда өтетін бай­қау­ға елдің әр аймағынан 15 үміт­­кер келді. Келісімен бір-бірі­­мен танысып, бағдарлама бойын­ша Астананың ең тамаша жер­лерін аралап шықты. Жылдағы дәстүрге жүгініп, стилист, шаш­тараз және визажисттермен кездесті. Елорданың үздік ше­берлері олардың ал­ғаш­қы сах­налық имидж­дерін қа­лып­тас­тыру үшін белсенді түр­де жұ­­мыс жасады. Сол сәтте ұйым­дас­­ты­ру­шы­лар да жиналыс өт­кі­зіп, үміт­керлердің әр­қай­сы­сымен шығармашылық жұмыс жасай бастады. Көп жылдар бойы байқаудың бас про­дюс­се­рі болып келе жатқан Мұрат Ерға­лиев пен қоюшы режиссер Александр Пономарев жас орын­­дау­шы­ларға сахнада қалай жү­ріп-тұру ке­ректігін түсіндіре отырып, бәрінің репертуарларын тексеріп көрді. Бұл жолы өз ке­ңес­­терін берсе, дайындық ке­зінде әр қатысушымен жеке жұ­мыс іс­тей­тін­дік­те­рін ескертті.
Ал, маусымның 5-і күні «Думан» ойын-сауық орталығында жеребе тарту рәсімі өтіп, әр қатысушы өзінің концерттегі реттік санын білді. Одан кейін, Астанада бол­ғандарын есте қал­дыру үшін «Жас қанат» аллеясына жеке-жеке кө­шет отыр­ғызды. Бұл дәстүрді ұс­тану­дағы басты мақсат – кейін Ас­­та­нада қонақта болғанда немесе гастрольдік сапарлар­мен келгенде, олар осы аллея­дағы өз көшетінің қалай өске­нін көреді. Сөйтіп, бо­ла­шақ өнер жол­дарының қалай басталғанын естеріне түсіруі тиіс…

Жыл өткен сайын «Жас қа­нат­қа» қатысуға ниет білді­ру­ші­лердің қатары кәсіби дайын­дықтан өткен әнші­лермен то­лыға түскенін ерекше атап өт­кен жөн. Бұл – келешекте бай­қауға қатысуға тілек біл­діру­­шілерге қойылатын талап та күр­­делене береді деген сөз. Сондай-ақ, іріктеу деңгейі де бір­те-бірте жо­ғарылай түс­пек. Ереже бойынша қатысушы­лардың ішінен әр кезең сайын ұпайы төмен 5 әнші шығып қалып отырады. Бұл тұрғыда, «біз­дің заманымызда орындау тех­никасын жақсы меңгеру және ке­ремет дауысқа ие болу, әрине, жет­кіліксіз. Көрерменді өзіне тар­тып, назарын аудару үшін сахнада сапалы әрі тартымды өнер көр­сету керек. Қазылар алқасы да жас орындаушылардың өз талантын толығырақ танытуға септігін ти­гізер. Бірақ, алдын-ала еске саламын, көрермендерден жасақталған қа­зылардың шеші­мі кәсіби қазылар қойған баға­ларға еш әсер етпейді. Олар­дың көзқарастары бір жерден шыға ма, жоқ па, бұл жағы да белгісіз» деді Мұрат Ерғалиев.

P.S. «Жас қанат» байқауы жас әншілердің тұтас бір толқынын тәрбиелеп, қазіргі қазақ эстрадасының танымал өкілдерінің өнердегі жолын ашты десек, қателеспейміз. Оған ұлтына, білімі мен тұрған жеріне қарамастан, 30 жасқа дейінгі кез келген тілек білдіруші қатыса алады. Енді міне, кешегі күннен бастап 22-ші мәрте жастардың бақ сынауына мүмкіндік берген шара бүгін Астана тұрғындары мен қонақтарын тағы да қуантпақшы. Ал, ертең өтетін соңғы сында оларды көптеген сыйлықтар күтіп тұр. 

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Уыз лебіз

Назымгүл БОЛАТХАН, Талдықорған қаласы:
– Жалпы, мен Астанаға үшін­ші рет келіп отырмын. Келген сайын таңқаларлық сезімге бөле­не­мін. Ал, «Жас қанат» бай­қауы­­на алғаш қатысып жатқан­дық­тан, рес­пуб­ликалық жас ән­ші­лер сайы­сына бара­тынымды кенеттен білдім. Сол қуанышты сәтте Петербургте өткен сайыста жүрген едім. Әріптестерім маған сәттілік тіледі. Сол жалынды лебіздері байқау барысында күш беріп, маған жеңіс әкеледі деген ойдамын.

Алдияр ЕРҒАЛИ, Көкшетау қаласы:
– Мұрат Ерғалиев айтып кеткендей, нағыз әртіс тек әнді орындап қана қоймай, сонымен қатар, белгілі бір образ қалыптас­­тыра білуі қажет. Әуенді жан-дү­ниеңді сала отырып орын­­даған дұрыс. Мен көпшілік алдын­да ән айт­қанды жақсы көре­мін. Әр ән­шіге көрермен – ең басты фак­тор болып саналады. Сон­дық­тан, сах­наға шыққанда мен бар өне­рімді көрсетуге тырысамын.

Руслан ИСМАЙЫЛОВ, Жезқазған қаласы:
– Бұл – менің өмірімдегі ал­ғаш­қы күрделі сынақ. Қатты қобал­жу­дамын. Осы байқауға жол сіл­теп, қолдау көрсеткен досыма әрі про­дю­серіме шексіз алғыс біл­ді­ремін. Ол – 2009 жылғы «Жас қа­нат» қаты­сушысы Ма­хамбет Қара­тай деген азамат. Бай­­қауға бір-екі айдай қызу дайын­­­далдық. «Тек қана алға!» де­­ген өмір­дегі ұра­ныма жүгі­не оты­рып, Ас­танаға алғаш рет келіп отыр­ғаныма қуаныш­ты­мын. Мен ой­лаған­дай ғажайып қала екен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × two =