«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Жас жауынгер» – ерекше клуб

0 89

19 ақпан күні елордада Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Жас жауынгер» дене шынықтыру-сауықтыру клубының 4 жылдығына арналған спорт фестивалі өтті.

бал

Фестиваль аясында клуб жаттықтырушылары пара бокс, пара жекпе-жек және пара күрес бойынша жарыстық өнер көрсетті. Сондай-ақ ерекше балалардың орындауындағы жарқын музыкалық шоу өтті. Ұйымдас­тырушылар мен жаттықтырушылар балаларға өздерінің кумирлері ­Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев және басқа да атақты спортшылардың орнында болуға бірегей мүмкіндік берді.

Іс-шараның ең жарқын көрініс­терінің бірі – қазақ ұлттық салт-дәстүрі «Тұсаукесер» рәсімі болды. Клубтың екі жас тәрбиеленушілері Бақтыбай Аян мен Куренков Эрвиннің тұсауын «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев кесті.

Осы ретте, Болат Бидахметұлы барлық қатысушыларды клубтың 4-жылдығымен құттықтап, осындай клубтардың елордада ғана емес, Қазақстанның әр өңірінде болуының әлеуметтік маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

Адам өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы – жүру және әлемді білу қабілеті. Ұзақ емдеу мен оңалтудан кейін осы екі бүлдіршін ауырсынуды жеңіп, көп күш жұмсады, аяқтарына тұрып, қазір осы клубта спортпен шұғылдануды жалғастыруда, – деді ол.

 «Жас жауынгер» клубында ерекше қажеттіліктері бар балалар бейімделген спортпен аптасына 3 күн тегін шұғылданады. Балаларға арналған ерекше спортзалдың негізін қалау­шы – 32 жастағы жаттығу залының нұсқаушысы Садық Байымбетов, ол күндіз негізгі жұмыста жұмыс істейді, ал кешке жас спортшыларды жаттықтырады. Клубтың негізгі мақсаты – балалардың бейімделу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ жас кезінен Параолимпиадалық ойындарға дайындау. Клубта әртүрлі диагнозы бар 70-тен астам бала шынығады. Ал оларды ерекше балаларға бейімделген, спорт бойынша жоғары білікті мамандар жаттықтырады.

                        Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды