ЖАС ВОКАЛИСТЕР ДОДАҒА ТҮСТІ

0 136

DSC_7639

Қазақ «ел іші – өнер кеніші» деп тегіннен-тегін айтпаған. Республиканың түкпір-түкпірінде танылмай жатқан күміс көмей, талантты әншілер қаншама?! Соларды халыққа таныту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Міне, сол игілікті істің бірі – биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер  байқауы.

Байқау кеше «Қазақстан» орталық концерт залында салтанатты түрде шымылдық түрді. Онда Қазақстаннан, таяу және қиыр шетел мемлекеттерінен келген алпыс төрт әнші төрт күн бойы өзара бақ сынасады, шеберлік байқасады. Ал, 26 қыркүйекте үздік орындаушыларды марапаттау рәсімі өтіп, өткен жылдардың лауреаттарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Қатысушыларға Бибігүл Ахметқызы бастап, Франция, Болгария, Литва, Молдова, Ресей, Арменияның опера өнерінің мэтрлерінен құралған қазылар алқасы өз бағасын береді.

Игі дәстүрдің жалғасын табуының өзі жас дарынды орындаушылардың шеберлік шыңдауына, қазақтың классикалық өнерінің беделін арттыруға, жастардың рухани дамуына оң ықпалын тигізбек.

Жақсы СӘТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =