Жас сарбаздар көмекке келді

0 14

Бас қаладағы белсенді жас сарбаздар екі күн бойы «Эко Қазақстан» акциясы аясында ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазалап, отынын жарып, көмек көрсетті.

«Жас сарбаз» жасөспі­рімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбектің айтуынша, елордада еріктілердің көмегіне мұқтаж жандар көп. Әсіресе, қыс қаһарына мінген сәтте жер үйде тұратын ардагерлер, жалғызбасты аналар, апалар ауласын қардан тазалай алмай отырады. Осыған орай биыл аталған республикалық акцияны «Жас сарбаз» ұйымының Нұр-Сұлтан қалалық филиа­лы бірінші болып бастады.
Олар бір күн ішінде 4 мекенжайға барып ауласын тазалап, қыстық отын жарып көмектесіп қайтты. Акция аясында көмекке мұқтаж барша елорда тұрғындарына көмек көрсетілетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − nine =