«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Соғыс ардагерін ардақтады

0 49

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысы» РҚБ филиалы «Шарапат» қарттар үйіндегі Ұлы Отан соғының ардагері Раиса Сафоничеваны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 

23b4a531-2bac-41a0-959c-7b4fb90ef0a9

Раиса Егоровна бірінші Украина майданында байланысшы болып қызмет еткен. Соғыстың аяқталғанына 77 жыл өтсе де, ол жайлы сыр айтқысы келмейді. Соғыс ардагері алған сыйлықтарына риза болып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

«Құрметті қыздар, аналар мен әжелер! Сіздер көктемнің ең жарқын қуанышты күні сияқтысыздар. Бұл өмірден әрдайым қуаныш, бақыт көріңіздер», – деді Раиса Сафоничева.

403dd5ac-40f1-48ea-8289-c2de87895eb3

Мерекелік іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, оның ішінде «Жас сарбаз» қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.

96c36878-30ef-4ab2-90ab-5e7d75752e1d

Құттықтау барысында ардагерлерге гүлдер мен азық-түлік себеттері табыс етілді, сондай-ақ ҚР ҚК Орталық оркестрінің платц-концерті көрсетілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды