«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жас сақшылар жарады

0 258

Биыл «Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағының құрылғанына 5 жыл толды. Жақында Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы осы мерейтой аясында үздік полиция қызметкерлері мен жас сақшыларды және олардың оқу орындарындағы жетекшілерін марапаттады.

Жыл сайын қатары артып келе жат­қан сақшылардың құрамында бү­гінде 200-ден аса жас бар. Олар айына 4 рет рейдке шығып, теріс әрекетке барғандарды тәртіпке шақырады. Бүгінге дейін осындай рейдтер барысында 570 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шалыс қадам басқандарға 450-ден астам ескерту жасалған.
Шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһар­маны Бақытжан Ертаев рейд кезінде сақшылардың сенімді сері­гіне айналған үздік полиция қыз­меткерлеріне Ас­тана қаласы әкімінің алғыс хатын та­быстады.
Мұндай ілтипатқа Сарыарқа аудан­дық полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Саруар Серікбайұлы да ие болды. Ол жас сақшылармен бірге жұмыс істеуді тиімді деп санайды. Кезекті рейдтің бірінде ұрлық жасаған мас адамды қолға түсіруде сақшылардың көмегінің зор болғанын айтады.
Салтанатты шарада түрлі құқық бұ­зушылықтың алдын алуға атса­лысқан 40 сақшыны Астана қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин мен Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Арман Айтыбеков марапаттады.

Гауһарай ЕСІМОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды