ЖАС САҚШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

0 121

ERA_7453

Бейсенбі күні «Дипломат» қонақ-жайында тәртіпті сақтауды қадағалайтын студенттік жасағының мүшелерін марапаттау рәсімі өтті.

Ішкі істер департаменті мен Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйым­дастырылған «Құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағы» атты әлеуметтік жоба аясында белсенді жастар қоғамдық мәдениетті қалып­тастыруға өз үлестерін қосуда. Ағым­дағы жылы жастар жаса­ғының қатысуымен 96 әкімшілік құқық­бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қолданылған.

Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков жас сақ­шылардың қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқандарын, жаңа қаланың гүлденіп, дамуына оң ықпал етуге ынталы екендерін ерекше атап, алғыс хаттармен марапаттады және естелік сыйлыққа планшеттер табыстады.

Осындай марапатқа ие болған Қазақ гуманитарлық заң университетінің 2-курс студенті Артық Еламан: «Мұн­дай шаралар болашақта білікті маман болуымызға септігін тигізеді. Қала көшелерінде рейд жүргізіп, құқық бұзғандарды анықтадық. Солардың ішінде назарымызға іліккен мектеп жасындағы балалардың темекіге әуес болғаны бізді қынжылтты» дейді.

Салтанатты рәсімнен соң студенттер эстрада жұлдыздары Ибрагим Ескендір мен Маржан Арапбаеваның орындауындағы әндерді тыңдады.

 

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =