Жас режиссердің жетістігі

0 46

Талантты жас режиссер Іңкәр Әбдіраштың «Ұмай» («Мальчик у окна») қысқаметражды фильмі Словакияның ай сайын өтетін Kosece International Monthly Film Festival Халық­аралық кинофестивальінде «Үздік режиссер-дебютант» сыйлығын иеленді.Аталған фестивальдің мақсаты: әлемдегі талантты режиссерлерді қолдап, оларды насихаттауды көздейді. Словакияның жас кинематографистерінен құралған байқаудың қазылар алқасы әр ай сайын жеңімпаздарды анықтайды. Жыл соңында лауреаттар өз номинациясы бо­йынша кинофестивальдің басты жүлдесі үшін сайысқа түседі. Жылдық жүлделерді табыстау рәсімі алдағы жылдың 26-28 мамыр аралығында жоспарланған.
Іңкәр Әбдіраштың деб­ют­тік фильмінің желісі өзімшіл актрисаның өмірін түбегейлі өзгертетін балалар үйінің тәрбиеленушісі туралы. Картинаның про­дюсерлері – Фархат Әбдрайымов пен Гүлшат Смағұлова.
Бұдан бұрын «Ұмай» фильмі British International Amateur Film Festival (BIAFF) Халықаралық әуесқойлар кинофестивальінде «Ең үздік фильм», «Ең үздік сценарий» номинациясы бойынша топ жарған болатын. Сондай-ақ фильм Х Dadasaheb Phalke Film Festival (DPIFF) Халық­аралық кинофестивальінде үздік қысқаметражды фильм жүлдесін жеңіп алды.
Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + 19 =