«ЖАС ҚАНАТ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛАДЫ

0 184

_AAJ5776

11 сәуірде жас орындаушылардың «Жас қанат» байқауы басталады.  Ән додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген  үміткерлер бақ сынамақ.

Байқау шарты бойынша бұл сайысқа ұлты мен біліміне, тұрғылықты жеріне қарамастан, 15 жастан 28 жасқа дейінгі кез келген ниет білдірген өнерпаз қатыса алады. Биылғы сынға 100-ге тарта үміткер өтініш білдіріпті. Қазылар алқасы талантымен суырылып шыққан 14 өнерпазды таңдап алды. Енді үш күн бойы Астана аспанын әнге бөлейтін таланттылар мен талаптылар «Жас қанаттың» алтын, күмiс, қола қанаты үшін барын ортаға салатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + fifteen =