«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жас патриоттармен дидарласты

0 266

Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы ондаған жылдан бері оқушыларға жыл бойы қызмет етіп келеді. Онда әр ауысым сайын еліміздің барлық өңірінен жүздеген бала келіп, оқуын үзбей, демалу дәстүрге айналған.

Бұрынғы кезде мұндай оқушылар лагері Қырымда болатын. Оны «Артек» деп атаған. «Артекке» барып-қайту ұл мен қыздың арманы саналатын. Қазір азат еліміздің «Балдәурен» кешені сондай үрдісте қызмет етіп отыр. Бір атап айтарлығы, алғашқы кезде Бурабайда ғана болса, қазір еліміздің өзге өңірлерінде де бөлімшелері құрыла бас­тады. Атап айтқанда, Алматы, Түркістан облыстарында оқушылар лагері бірнеше жылдан бері жұмыс жасау үстінде. Осы бөлімдер арқылы озат балаларды «Балдәуренге» жіберу де дәстүрге айналып отыр.
Жақында «Балдәуреннің» бір бөлімшесі саналатын «Балдәурен-Қапшағай» респуб­ли­калық оқу-сауықтыру орталы­ғында тақырыптық шара өтті. Оған Халық Қаһарманы, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев арнайы барып қатысып, демалып жатқан оқушылармен дидарласты. Бұл игілікті шараға аталмыш орталықтың бас директоры М.Төлепбай, «Нұр Отан» партиясы» Қапшағай қалалық филиалының төрағасы Е.Нұрпейісов, өзге де азаматтар қатысты.
Шараға қатысушылар «қазақстандық жас патриоттықтар академиясы» құры­лымы бойынша беріліп жатқан тәрбие тәсілдерімен танысты. Халық қалаулысы мұндай жақсы қадам барлық жерде өріс алуы керектігін еске салды. Белсенді оқушыларға «Қазақстанның жас патриот­тары» төсбелгісін тапсырып тұрып, Б.Ертаев бұл үлкен жауапкершілік жүк­тейтінін, патриоттық сезім осын­дай ізденістердің нәтижесінде қалып­тасатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, бүгінгі Қазақ елінің бар арман-аңсары ел тәуелсіздігін бекем ету екенін де еске салды. Дидарласу үстінде Елбасы Жолдауында айтылған халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру жайындағы тапсырмалар сөз болып, әсіресе, ұстаз мәртебесін көтеру, бұл істе оқушылардың мұғалімдерін құрметтеу қажеттігін назар­ға салып, алдағы жылы болатын «Жастар жылына» қатысты ойларын да айтты.

Қасым-Жомарт СҮЛЕЙМЕН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды