ЖАС ПАТРИОТТАР ЖАРЫСЫ

0 170

колл-2

Астана қаласындағы «Қаз­тұ­ты­нуода­ғының» Сауда-экономи­ка­лық кол­ледж­ін­де Мемлекеттік рәміздер күніне арналған әскери-патриоттық шара өткізілді. Оның жеңімпаздары екі қабатты туристік автобус­пен Астана қаласының көрнекті орындарын аралауға мүмкіндік алды.

Бұл шара байқау түрін­де өткізілді. Қатысу­шы­лар «Үздік командир», «Үз­дік автомат құрас­ты­ру­шы», «Үздік әскери киім», «Үздік әскери жат­тық­ты­ру­шы» номинациялары бойын­­ша сайысқа түсті. Бола­шақ жауынгерлер Отан қорғауға қауқарлы екенін аңғартты. Сондай-ақ, ал­ғаш­қы әскери дайын­ды­ққа сай­ма-сай екенін көрсетті.

«Әскери-патриоттық шара өткізуіміздің бір себебі – еліміздің ерте­ңін сеніп тапсыра ала­­тын ден­сау­лығы мықты, алғашқы әскери дайын­дық­та­рынан өткен азаматтарды тәрбиелеп шығару. Болашақ сарбаз босбелбеу болмас үшін ата-аналармен қатар, сол азамат оқитын оқу орны да бұл мәселені естен шығармау керек. Өйткені, Отанды қорғау – абыройлы міндет» дейді колледж директоры Мырзабек Күжімов.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 9 =