Жас патриоттар «АЛЖИР-ді» аралады

0 90

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы елордада «Тағылымға толы тарих» ұранымен апталық өткізіп жатыр. Соған байланысты аталмыш қозғалыс­тың Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы әскери-патриоттық бағытта іс-шаралар мен акцияларды ­өткізуде.

Қозғалыс мүшелері «АЛЖИР» мемориалды кешеніне барып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етті.
«Бүгінгі іс-шарадан өте қатты әсер алдым. Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша күресіп, кейінгі ұрпақ алаңсыз өмір сүру үшін атқарған еңбектері, ерліктері жаныма қатты әсер етті. Музей қызметкерінің бізге айтқан әңгімелері тарихи оқиғаларды жете түсінуге септігін тигізді. Іштегі патриоттық сезім ұлғая түсті» деді «Жас сарбаз» тәрбиеленушісі Нұрасыл.
Осыдан кейін жассарбаздықтар Тұңғыш Президент мұражайына барады.
«Жас сарбаз» қозғалысы Елбасы бастамасымен 2018 жылы құрылды. Оның қыз­метінің арқасында биыл Нұр-Сұлтандағы әскери-патриоттық клубтардың саны 150-ге дейін өсіп, 6000-ға жуық бала қамтылды. Қозғалыс жыл сайын әскери-қолданбалы спорт түрлерінен түрлі жарыстар өткізеді.
«Ұйымымыздың құрылғанына небәрі үш жыл болса да, тәрбиеленушілеріміз көптеген акцияларға, экологиялық сенбіліктерге белсенді қатысып келеді. Бұл жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғандықтан, «Тәуелсіздік тірегі» аталатын тағы бір жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Алдағы барлық іс-шаралар осы жоба аясында өткізіледі» дейді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 5 =