«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жас оқытушыларды оқытты

0 176

Астана қаласы Білім басқармасының қолдауы­мен «Қазақстан Республикасының кәсіптік білім берудегі нормативті құқықтық негізі» атты «Жас оқыту­шылар клубының» мәслихаты өтті.

Еліміздегі кәсіптік білім берудегі нормативті құқықтық негіз ба­ғытын­дағы білімді тереңдету, осы ретте заңдылықтарды талқылау және қолданыстағы тәжірибелердің ерекшеліктерін айқындау мақса­тында өткен отырысқа Астана қала­сындағы барлық колледждердің жас оқытушылары қатысты. Бас­қару колледжі базасында ұйымдас­тырылған шарада осы оқу меке­месінің директоры Айман Алиева, білім беруді жаңғырту орталы­ғының әдіскері Нағима Исина, «Жаңару» жалпыұлттық жемқорлыққа қарсы қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары – Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Рахметуллин сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша тақырыптық дәріс оқыды.
Сонымен қатар, жиын барысында бірнеше жас оқытушылар дәріс-шолу жасады. Жемқор­лық тақырыбы аясында іскерлік ойын­дар, сауалнама, пікірталас ұйымдастырылды. Түптеп айт­қанда, «Жас оқытушылар клу­бының» мәслихаты жас педагог­тар­дың заңдылық тұрғы­дағы білік­тілігін арттыруға үлкен үлес қосты. Танымды әрі тағылымды шараға қатысқан жас мамандарға жиын модераторы, басқару колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Толқынай Абдикалова алғысын білдіріп, қай істе болсын белсенді болуға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды