«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жас маман жұмыссыз қалмасын

0 125

Астана Медицина универ­си­тетінде Елбасының таяу­да халқымызға арнаған «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылаған жиын өтті. Оған ҚР Білім және министрлігінің мамандары, оқу ордасының ұстаздары мен студенттері қатысты.

Жиында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты өкілі Нұрила Қыдырбаева Президенттің Жолдауда айтылған өзекті мәселелерін сөз етті.
«Балаларды мектепке дейінгі ұйым­дарда біліммен қамту – ең маңызды нәрсе. Олар бірінші сыныпқа келгенде жоғары деңгейде дайын болу қажет. Бұл – уақыт талабы. Дамыған елдерде бұған ерекше маңыз береді. Қазір мемлекет пен жекеменшік әріптестік жақсы дамып келеді. Еліміздегі жекеменшік балабақшалардың үлесі 30 пайызға жетті. Ал республика бойынша 3 пен 6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 95 пайызды құрады. Алдағы жылы мұны 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш бас қалада 80 па­йызды көрсетеді. Қазір министрлік балаларды 1 мен 3 жастан бастап дамыту бағдарламасын қолға алып жатыр» деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ балабақша тәрбиешілерінің білім сапасын көтеру үшін жыл сайын 1 мыңға жуық маман курстан өтсе, енді оның санын 15 мыңға көтеру көзделген. Сонымен қатар тәрбиешілерде мектеп мұғалімдері секілді ұлттық тестілеуден өтіп, оларға жаңа категориялар белгіленіп, еңбекақылары өседі.
Қазір қоғамда жеткіншектердің өмірі мен денсаулығын қорғауда өзекті мәселенің біріне айналған. Еліміздегі мектептердің 80 пайызы, балабақшалардың 60 пайызы бейнебақылаумен жабдықталған. Ал елордадағы білім орындарына бейнебақылау 100 пайыз орнатылса, балабақшаларда 62 пайыз қойылған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі алдағы уақытта жоғары оқу орындарына талап күшейетіндігін айтты. «Енді біз жоғары оқу орындары мен колледждердегі білім сапасын түлектердің жұмысқа тұру рейтингісімен бағалаймыз. Егер де оқу орнын бітірген жас маман өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаса, ол мамандықтың лицензиясы қайтарылады. Биыл осындай 25 мамандықтың лицензиясы қайтарылды» деді Нұрила Қыдырбаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды