ЖАС ХОККЕЙШІЛЕР ЖЕҢІСІ

0 89

Елордамызда шайбалы хоккейден 1997 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионатының екінші туры ойындары өтті. Жарысқа  8 команда қатысты.

Турнир барысында «Астана-97» командасы барлық қар­сы­лас­тарынан басым түсті. Жеті ойында 21 ұпай жинап, чемпио­нат­тың көшін бастады. Астаналықтар жарыс барысында «Горняк» командасының қақпасына жауапсыз 12 шайба соғып, өзіндік рекорд жасап үлгерді. Екінші орынға Өскеменнің «Торпедо» командасы орнықса, үшінші сатыға Қостанай қаласының №3 БЖСМ командасы табан тіреді.

«Астана-97» командасының бап­кері Александр Заводов «Өт­кен маусымда біз чемпионаттың күміс жүлдегері атан­ған едік. Ал, биылғы жарысты өте жақ­сы бас­­тап отыр­мыз. Бірінші тур­да барлық ойында жеңімпаз атан­­дық. Шәкірттерім­нің осындай нәти­жесіне қарап биыл тек чемпион атануға күш саламыз. Әрине, алда әлі де ойындар бар. Не­гізгі қарсыласымыз әдеттегідей өскемендік «Торпедо» хоккей клу­­бының ізбасарлары болатын шы­ғар деп отырмыз» деп атап өтті.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − 2 =