ЖАС ДЕПУТАТТАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

0 145

DSC_1436

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Астана қаласы Жастар мәслихатының депутаттығына салтанатты түрде қабылдау рәсімін өткізді.

Биылғы ақпан айында өткен Жастар мәслихатының депутаттығына кезекті сайлау қорытындысы бойынша Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандық жастар мәслихаты құрылды. Алдағы уақытта қоғамдық негіздегі жас депутаттар Астана қалалық мәслихатымен және жергілікті басқару органдарымен жастардың мәселелерін шешу бойынша бірге жұмыс атқаратын болады.

Жас депутаттарды қабылдау рәсіміне Парламент депутаттары В.Редкокашин, Ә.Бимендина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.Сәрсембаев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Ахметов, Астана қалалық мәслихатының хатшысы С.Есілов қатысып, белсенді жастарға сәттілік тіледі. Салтанатты жағдайда төсбелгілер мен депутаттық мандаттар тапсырылды.

                Динара МАЖИТОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 10 =