Жас ақындар мүшәйрасы

0 56

Алдағы 27 қарашада «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты VIIІ дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Қазіргі жағдайға байланысты онлайн режимде өтетін жыр бәйгесіне елордадағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қатысады.

Бұл іс-шараны елордалық Білім басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы жоғары көлік және коммуникация колледжі ұйымдастырып отыр.
Мүшәйра екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жас ақындардың бейнежазбаға түсірген өлеңдері іріктелсе, екінші кезеңде ZOOM платформасы арқылы шығармалардың оқылуы тікелей эфирде бағаланады.
Мерекелік шараға қаладағы білім саласының өкілдері мен белгілі қаламгерлер шақырылды. Сонымен бірге байқау қонақтарына «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» өлеңдер жинағы беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =