Жас әнші олжалы оралды

0 20

Беларусь Республикасының Витебск қаласында жыл сайын өтетін «Славян базары» байқауынан қазақстандық әншілер кейінгі жылдары олжасыз оралмайды. Мәселен, бес жыл бұрын Димаш Құдайберген осы байқауда бас жүлдені иеленді. Былтыр Әділхан Макин топ жарды. Ал биыл жас әнші Бексұлтан Кенішқалиев үшінші орынды алды.

Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж түлегі Бексұлтан қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Эстрада» бөлімінің төртінші курсына көшті. Бұған дейін ол «Қазақстан дауысы», «Музарт-Live» сынды ұлттық телевизиялық жобалардың финалына шықты. «Жұлдыз» республикалық бай­қауында гран-при иеленді. Өткен жылы Литвада ұйымдастырылған «Паланга» халықаралық ­фестиваль-байқауы мен Ресейде өткен «Теңіз түйіні» атты жас әншілердің фестиваль-бай­қауында топ жарды.
Жас әншіге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтау хат жолдады. Ол Витебскіде алған жүлдесімен құттықтай отырып: «Осы жолғы жүлде де сіздің еңбегіңіз бен шығармашылығыңызға берілген баға деп білемін. Алдағы уақытта да майталман орындау­шы ретінде биік белестерді бағындырып, кəсіби шеберлігіңіздің арта беруіне тілектеспін» деп жазды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − six =