Жарық мәселесін бақылауға алды

0 9

«Nur Otan» партиясы өткізген праймериз жеңімпаздарының бірі Қосшыдағы жарық мәселесін жеке бақылауына алды.

Жақында Қосшыдағы «Алтын орда» және «Diamond» тұрғын үй кешендерінде жарықтың сөніп, тарифтің көтерілуіне байланыс­ты халық ауылдағы Республика көшесін жауып, наразылық білдірген болатын. Ондағы халық аталған тұрғын үй кешендерінде жарықты киловатына 26,7 теңгеден төлеп жатқанына наразы. Осының салдарынан бір үйдің өзінде жарық тарифінің айлық төлемі 10 мың теңгеден асып кеткен. Одан бөлек, жарықтың жиі сөніп қалуы да азаматтардың әбден мазасын кетірген. Себебі аталмыш тұрғын үйлердегі жылу батареясы да тоққа қосылған. Көбінің балалары қашықтан оқып жатыр.
Бұл мәселені реттеу үшін «Nur Otan» партиясы өткізген аймақтық праймериздің жеңімпазы Павел Безвербный Целиноград ауданының партиялық комиссиясымен бірге отырыс өткізген. Отырыстың қорытындысы бойынша мәселені қадағалай алмағаны үшін Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қанат Ағзамұлы сөгіс түріндегі партиялық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар аудандық әкімдікке аталған тұрғын үйлердің әр тұрғынымен «АРЭК» ЖШС арасындағы келісімшартты жасау жұмысын осы жылдың 25 қарашасына дейін реттеуге кеңес беріліп отыр. «Аталған мәселе партияның облыстық филиалының назарында» деп сендіреді партияның баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =