ЖАРЫМЖАНДАҒА ЖӘРДЕМ БЕРЕМІЗ

0 116

Разия РЫ МБАЕ ВА, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері:

– Елордада балалардың қоғамдағы әлеуметтік мүмкіндіктерін жақсарту үшін инклюзивтік білімберу тәжірибесі пәрменді жүргізіліп келеді. Осыған байланысты жарымжан балалар қалай топтастырылады?

– Еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға бейімдеп, кеудесінен кері итермеудің маңызы зор. Осыны ескерген мемлекетинклюзивті білім беру бағдарламасын тәжірибе алаңына жіберіп отыр. Енді мүгедек балалар дені сау замандастарымен қатар, аталмыш жүйе бойынша білім алады. Ақыл-есі кенже дамыған балалар психо-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде ата-аналарының өтініші бойынша топтастырылады.

– Қазіргі таңда қанша бала тең дәрежеде білім алуда?

– 2013 жылдың қаңтарында Астана қаласында 33 білім беру мекемесі бойынша123 сыныпта қалыпты балалармен тең дәрежеде ақыл-есі кенже дамыған 151 бала білім алуда.

– Оларға қандай жағдайлар жасалған?

– Балаларды оқыту үшін арнайы жағдай жасалған орта қалыптастырылады. Оқу бөлмелері материалдық-техникалық жағынан жабдықталып, түзету және бейімдеу іс-шаралары жүргізіледі. Ең бастысы, білім алуға еш кедіргі келтірмейтін және қатарластарымен еркін араласуға мүмкіндік туғызылатын жағдай ұйымдастырылады.

– Жалпы, Астанада мұндай мүмкіндігі шектеулі балалардың саны қанша?

– Елордада 19 түзету сыныбы бар. Онда барлығы 1015 оқушы бар. Оның ішінде ақыл-есі кенже дамыған 726, құлағы естімейтін 79, көзі нашар көретін 161, тілі кеміс 49 бала білім алуда. Сарыарқа ауданында 13 мектепте 728 оқушы, Алматы ауданында 5 мектепте 278 оқушы және Астана қаласының балалар үйінде 9 оқушы оқиды.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =