«Жарылғыш зат» әбігерге түсірді

0 122

Астанада тиісті мекеме өкілдері мектеп ғимаратына «мина қойылған» деген жалған ақпарды естіген бойда жоқ затты іздеп, тағы да әуре-сарсаңға түсті.

Елорданың  ІІД баспасөз қызме­тінің хабарлауынша, әдеттегідей  оқиға орнына полиция, ҰҚКД және ТЖД қызметкерлері шұғыл жеткен. Кинологтар мен Астана қаласы ІІД «Арлан» арнайы жаса­ғы бөлімдері мектеп ғимаратын бас­тан-аяқ қарап шыққан. Жарылыс құрыл­ғысы табылған жоқ. Дегенмен, жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, әлгі жалған ақпар таратқан азамат ұсталды. Ол Павлодар өңірінің еш жерде жұмыс істемейтін 1993 жылғы тумасы болып шықты. Бұдан бұрын да қыл­мыстық жауапкершілікке тартылған ол кінәсін мойындаған. Қылмыскер оқшаулау абақтысына қамалды.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =