Жарқын жылдар белесі

0 36

Еңбек жолым баспаханадан басталды. Ол уақытта небары он тоғыз жаста едім. Кейіннен «Коммунизм нұры», қазіргі «Арқа ажары» газетіне ауыстым. Бұл басылым Көкшетауға көшкенде, «Астана ақшамына» келдім. Киелі шаңырақта көптеген тілші, басшылармен тонның ішкі бауындай араласа жүріп, ел руханиятының жалғасуына үлес қостық. Көптеген бауырларымды, сіңлілерімді әлі күнге сағынышпен еске аламын.

Ал басшыларым – өз алдына бір төбе. Олардың қатарында Мағжан Садыханұлы, Нұртөре Жүсіп, Амантай Шәріп, Бауыржан Омарұлы, Талғат Батырхан, Ғалым Қожабеков, Ғалым Омархан, Ерболат Қамен, үзеңгілестерім Амангелді Жұмабек, марқұм Төлеген Ілдебаев, Мақсот Ізімұлы, Раушан Төленқызы, Гүлбаршын Өкешқызы, Айгүл Уайсова бар. Бәрі де – осы газеттің марғасқалары.
Зейнет жасында болсам да, газеттің әр нөмірін оқып, тілшілердің жазған тамаша дүниелеріне іштей тілекшімін. «Астана ақшамы» редакциясының қабырғасында өткен жарқын жылдар – өмірімнің ең бір сәулелі шағы. Әлі күнге осы газетте бауыр-сіңлілерім қызмет атқаруда. Өзім осы салада табан аудармастан 40 жыл еңбек еттім, оның ішінде он жылдай астаналық газетте корректор болдым. Осы жерден зейнет демалысына шықтым. Тәуелсіз елдің «Астана ақшамындай» басылымына құрметім ерекше. Қаламдарыңыз мұқалмай, биіктерге самғай беріңіздер. Заман, дәуір – өздеріңдікі. Баршамызға ортақ мереке – мерейлі 30 жылдық белес құтты болсын, қадірлі әріптестер!

Раушан ДОСҚОЖА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + 8 =