©2020 Астана Ақшамы
Жәрмеңкеде жұмыс ұсынды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесі «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында ZOOM платформасында онлайн форматта елордалық жоғары оқу орындары түлектері мен елорданың жұмыссыз жастары үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараға «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Цесна-Астық» концерні» ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «Самұрық-Қазына» АҚ «Samruk Qyzmet» бірыңғай онлайн рекрутинг платформасы, «Астана-Медикер» ЖШС, «Қазгидромет» РМК және басқа да түрлі қызмет бағыттарындағы 30-ға жуық компания қатысты.
Жәрмеңкеге қатысу үшін 100-ден астам ізденуші тіркеліп, конференция барысында белсенді қызығушылық танытты. Жұмыс берушілер жұмыс тәжірибесі бар мамандарды да, студенттерді де өз ұйымдарына әрі қарай жұмысқа орналастыра отырып, практикаға шақырды.