Жәрмеңкеде сауда қызды

0 138

Әр аптаның жұма мен жексенбісі аралығында Астана және Ақмола, Қарағанды облыстарының тауар өндірушілері ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізуде. Жәрмеңке Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион мен «Думан» ойын-сауық орталығының тұрақтарында ұйымдастырылып жүр. 

ERM_9444

22 сәуір – 5 маусым аралығында өткі­зілген 24 жәрмеңкеде жалпы құны 222,7 млн теңгелік 434 тоннадан артық өнім, ал өткен демалыста 39 тонна өнім сатылды.
Жәрмеңкеге 150 тауар жеткі­зуші мен өндіруші қатысады. Онда тауардың 500-ден аса түрі ұсынылады. Оның ішінде ет, балық, шұжық және сүт өнім­дері, жеміс-жидек пен көкөніс, ұн, жарма, май және тағы да басқа азық-түлік тауарлары бар.
Жәрмеңкедегі баға базар­дағы­дан төмен. Мәселен, 1 кг картоп – 95 теңге, пияз – 80 теңге, қы­рыққабат – 60 теңге, қияр мен қызанақ – 400 теңге, сүттің литрі – 160 теңге, он жұмыртқа – 210 теңге.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + 16 =