ЖӘРМЕҢКЕ ЖҰМЫС ҰСЫНДЫ

0 126

IMG_8384

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеге 20 жұмыс беруші қатысып, қала тұрғындарына 250-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды.

Атап айтқанда, «Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі 100 адамды жұмысқа қабылдайтын болды. Сонымен қатар, «Цеснабанк», «Каспий банк» және «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» меке­мелері де менеджер қызметтерін ұсынды. Бірқатар құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындары монтаждаушы, құрастырушы, электрик, слесарь және басқа да мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдау келісімдерін жасады.

Жәрмеңке барысында Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқар­масының мамандары жұмыс іздеу­шілерге жаңа кәсіпті меңгеру және қайта даярлау мәселелері жөнінде кеңестер берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 13 =