Жәрмеңке ­жалғасын тапты

0 53

Елордада күзде басталған ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Арзан әрі сапалы өнім сатып алу үшін қала тұрғындары әр демалыс сайын Р.Қошқарбаев көшесі, 37-үйдегі «Аспан базары» сауда үйіне қарай ағылады. Бұл сауда алаңы өнім өндірушіге де, тұтынушыға да өте қолайлы. Кәсіпкерлер мен шаруалар өнімдерін сататын жерді тегін иеленсе, тұтынушылар қалаған тауарын нарық бағасынан төменге сатып алады. Мұндай жәрмеңкелер әлеуметтік маңызы зор өнімдерді арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді. Сұраныс жоғары, баға арзан. Аспан базары» сауда үйінде (Қошқарбаев к-сі, 37) әр демалыс сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Онда шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің азық-түлік өнімдері ұсынылады.

«Аспан базары» басшылығы жәрмеңкеге қатысушыларға ақысыз орын ұсынады» дейді «Аспан» базарының атқарушы директоры Айтуған Құлмахамбетұлы. Базарда тауар сататын кәсіпкерлерге барлық жағынан қолайлы жағдай жасалған. Сөрелерде көкөністер мен жемістер нарық бағасынан төмен сатылуда. «Біз бұл мүмкіндікке ризамыз. Қияр мен қызанақ қымбат емес. Мысалы, қияр бағасы – 350-400 теңге, басқа базарлармен салыстырғанда тиімді» дейді кәсіпкер Лира Ілиясова.
«Аспан базары» сауда үйіне Ақмола және Қарағанды облыстарының фермерлері азық-түлік өнімдерін әкеледі. Сондай-ақ «Бакара» ЖШС сиыр етінің келісін 1800-2000 теңгеден ұсынады. Мұнда сүт пен жоғары сұрыпты ет өнімдердің бағасы нарық құнынан төмен.
«Жылқы етінің бағасы 2000 теңгеден басталады. Бұған дейін сиыр еті 2000-2200 теңгеден, жылқы еті 2400 теңгеден сатылатын. Жәрмеңкеде біз бағаны төмендетеміз» дейді кәсіпкер Райхан Шаданова.

Елорда тұрғыны Венера Изеева қырыққабат пен пиязды 80 теңгеден алғанын айтты.
«Біз осы ауданда тұрамыз. Жәрмеңке туралы естіп, бағаларды басқа орындармен салыстырдық. Өте тиімді және қолжетімді. Бүгін ұн мен май алуға келдім» деді Бауыржан Даниярұлы. Ол мұнда бәрі көтерме бағамен және өте арзанға сатылатынына риза.
Жәрмеңке әр аптаның сенбі, жексенбі күндері өткізіледі. Ұйымдастырушылар келушілерге санитарлық нормаларды қатаң сақтау керегін ескертеді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 1 =