©2020 Астана Ақшамы
Жәрмеңке жалғасуда
Елордада Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке дәстүрлі түрде «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда ұйымдастырылды.
«Елорда тұрғындарына облыстың тауар өндірушілері ет, сүт, шұжық өнімдері, көкөніс, бақша өнімдері, жұмыртқа, ұн сынды тауар түрлерін ұсынады. Қала тұрғындары таңертеңнен бастап азық-түлік сатып алып жүр. Бүгінгі жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен, сапасы өте жоғары, таңдауы да үлкен» дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағамбетов.
Күзгі салқынға қарамастан, Ақтөбе облысының тауар өндірушілері елордаға жеміс-жидек, соның ішінде қауын, қарбыз, құлпынай, таңқурай әкелді. Ақтөбе облысы елордадағы жәрмеңкеге барлығы 197,2 тонна өнім жеткізді. Оның ішінде: ет және ет өнімдері – 60 тонна, картоп және көкөністер – 61 тонна, сүт және сүт өнімдері – 16 тонна, өсімдік майы – 1 тонна, жұмыртқа – 17,2 мың дана, балық – 5,3 тонна, бал – 0,5 тонна, шұжық өнімдері – 8 тонна, ұн және макарон өнімдері – 8,5 тонна және өзге де өнімдер – 19,7 тонна.