ЖӘРМЕҢКЕ КЕРУЕНІ КЕЛЕДІ ЖЕТІСУДАН

0 104

ERA_3093

Астанада 20 қыркүйектен бастап аймақтардың ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. Базар бағасынан әлдеқайда арзан азық-түлікке астаналықтарды бір қарық қылып тастайтын молшылық керуенін Алматы облысы бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жәрмеңкеде жетісулықтар 400 тоннадан астам өнім ұсынған болатын. Атап айтқанда, 193 тонна көкөніс, 110 тонна пияз, 50 тоннадан аса алма, 17 тоннаға жуық күріш, 7 тоннадай балық, 3 тонна бал, сондай-ақ 60 тоннадан аса ет және т.б. көптеген өнім түрлерін әкелген еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы облысынан келетін биылғы жәрмеңкеге жиын-терін науқанының нағыз қызған шағына тап келгендіктен, жеміс-жидек, көкөністі молынан алып келеді.

Бес жылдан бері дәстүрге айналған жәрмеңкеде ішіп-жемнен бөлек, қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан әсем бұйымдар сатылады.
Ал, өңірлердің үздік шығармашылық ұжымдары мен өнер шеберлерінің гала-концерті жәрмеңкенің көркін келтіріп, думанын қыздырады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =