ЖАРИЯ ЕТУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

0 83

1402480316_85815300

Елімізде 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес мүліктерді жария ету бойынша құжаттарды қабылдау жүргізіліп жатқаны мәлім. Бүгінге дейін Астанада мүлікті жария ету жөніндегі аудандық әкімдіктер жанындағы комиссияларға 3201 адам өтініш білдірді деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оның ішінде Алматы ауданында – 1153, Есіл ауданында – 443, Сарыарқа ауданында 1 605 адам өтініш тапсырған. Көпшілігі комиссияға жылжымайтын мүлікке қатысты мәселемен келеді екен. «Нақтылай айтсақ, өтініштердің жалпы санының 2941-і жылжымайтын мүлікті  заңдастыруға, құжаттарын туралауға байланыс­ты» дейді мамандар.

Еске сала кетейік, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Астана қаласының барлық аудандық әкімдіктері жанынан арнау­лы комиссиялар құрылған еді. Азаматтардан құжаттарды қабылдау әкімдіктердің ғимараттарында жүзеге асырылуда:

– Алматы ауданы – Тәуелсіздік көшесі, 7-үй (анықтама тел.: 36-39-19);

– Есіл ауданы – Қабанбай батыр даңғылы, 33 (анықтама тел.: 57-45-63);

– Сарыарқа ауданы – Сарыарқа даңғылы, 13 (анықтама тел.: 55-66-28, 55-66-21, 55-64-97).

Азаматтар мүлкін жария ету үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесін (өтінішті берген кезде түпнұсқасын қоса  ұсыну керек), нысанның құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы аттестатталған сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын әкелуі тиіс.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 16 =