Жәрдемі көп «Жанұя»

0 23

«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы 3 жылдан бері қиын жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық тұрғыда қолдау көрсетіп келеді.Орталықтың «Open space» алаңында елордалықтар жұмыс табу, бизнес ашу, өзін толғандырған әлеуметтік мәселе бойынша ақпарат пен кеңес алады. «Жанұя» мамандары АӘК алу, кәсіптік оқудан өту, жұмысқа орналастыру, жаппай оқыту бағдарламасына қатысу, балабақшаға кезекке қою, қамқоршылықты орнату, жәрдемақылардың барлық түрлерін және т. б. алу мәселелері бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ цифрлық сауаттылықты арттырып, әлеуметтік қызмет көрсету порталында маманның кеңесімен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Айымгүл БАҒДАТ,
студент

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − four =