Жәрдемақы алу жолы жеңілдетілді

0 45

Төтенше жағдай кезінде берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және беру шарттары жеңілдетілді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация ­министрі Дәурен Абаев айтты.Ең бастысы, аталмыш төлемді алушылар қатары ұлғайды. О баста айына 42,5 мың теңге (ең төменгі жалақы) болатын әлеуметтік төлем азаматтардың келесідей санаттарына берілуі тиіс еді:
– орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
– жеке кәсіпкерлер;
– жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.
Енді бұл санатқа азаматтық-құқықтық келісімшарттар бо­йынша кіріс алатын адамдар, қызмет көрсету, салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтар кіретін болды.
Д.Абаевтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандығын растайтын құжаттардың енді қажеті жоқ. Бұрын әлеуметтік төлемдер туралы өтінішті жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін, ЖК (жеке кәсіпкер), ЖП (жеке практикамен айналысатындар) және Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер – өздері бере алатын. Сонымен бірге жұмыс берушілер төтенше жағдай кезінде қызметті шектеуге байланысты өз қызметкерлерінің табысын жоғалтуын растайтын құжаттарды, қызметкерлердің тізімін және қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірмені ұсынуы керек еді. Енді төтенше жағдай салдарынан кірісті жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсынуға қойылатын талаптар алынып тасталған.
Жұмыскерлер табысын жоғалт­қаны туралы электрондық үкімет порталына ешқандай машақатсыз арыз жаза алады.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:
– жұмыс берушілер өтінішті тек қызметкерлердің тізімімен қоса бере алады;
– ЖК, ЖП, АҚК (азаматтық-­құқықтық келісімшарт) және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.
Енді қызметкер жұмыс берушіні күтпей-ақ, өтінішті өздері бере беретін болды. Сондай-ақ олар өтініште көрсетілген фактілердің растығына жауап береді. Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − eight =