Жаралы жылдарды жаңғыртты

0 200

DSC05101

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің кезекті қонағы жазушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Табыл Құлияс болды.

Бірлестік жетекшісі, белгілі өнер қайраткері Кенжеғали Мыржықбай жазушының өмір жолымен таныстырды. Қуғын-сүргін, аштық жылдарын зерттеп жүрген Т. Құлияс зобалаң жайлы «Қанжоса ғасыр», «Қырғын», «Қан кешу», «Миға қойылған бомба» сынды кітаптардың авторы. Осы шығармаларды ол Ресей мұрағат-мұражайларын ақтара жүріп, нақты деректерге сүйеніп жазған. Жазушы қасіретті жылдар және өзінің ізденістері жайлы студенттерге тартымды етіп әңгімелеп берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

Үш сағатқа созылған кездесуді университет проректоры, филогия ғылымының докторы Дихан Қамзабекұлы түйіндеп, қонақтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =